Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ер адамдардан аз аламыз": Фариза Ескермес кино саласындағы қаламақыға қатысты пікір білдірді

Танымал актриса Фариза Ескермес табысына қатысты құпияның бетін ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі ер адамдардан аз гонорар төленетінін жасырмады. 

“Шерхан Пірназардан әлдеқайда төмен аламыз. Оның тапқаны 6-7 миллион болса, менің ақым одан біраз төмен екен ғой. Өкінішке қарай, біздің қазақстандық актрисалар актерлерге қарағанда анағұрлым аз ақша алады. Дискриминация бар. Осыған жаным ашиды. Келіспесең, басқа актрисаны ала саламыз дейді. Кинопродюсерлер бізден жеңілдік сұрайды”, – деді актриса.



Еске салайық, отандық шоу-бизнес жұлдыздары тойға сұрайтын қаламақылары 3 миллион теңгеден басталатынын айтып берген еді.  

Бұған дейін, Баян Мақсатқызы америкалық жұлдыз Snoop Dogg-қа 250 мың АҚШ долларын төлегенін айтқан еді. 

 

Талқылау