Ер адам тіс пастасының кесірінен мүгедек болып арбаға таңылды
62 жастағы британдық азамат сирек кездесетін неврологиялық аурумен ауырды. Оған тіс протездеріне арналған паста себеп болған.
Бастапқыда науқастың аяғы ауыра бастаған. Алты ай ішінде жағдайы нашарлап, таяқпен жүруге тура келеді. Кейіннен тіпті жүруге дәрмені жетпей қалады. Дәрігерлер ағзада темір жетіспеушілігінен жұлынына зақым келген деген диагноз қойған. Темір жетіспеушлігінен адамның сүйегі майысып, икемнен айырылады. Тіпті адам өліміне соқтыруы мүмкін.
Мамандар темірдің жетіспеуіне не себеп болғанын ақыры анықтады. Науқастың бойында цинктің көп мөлшері табылған. Цинк элементі де адам ағзасына қажетті болғанымен темірмен байланысып химиялық қалыпты бұзған.
Ер адам аптасына тіс пастасының 3-4-уін қолданған. Оның құрамында цинк болған. Науқасқа темір берген соң оның дертінің асқынуы тоқтады. Алайда ол мүгедектер арбасына таңылды.
Тағы да оқыңыз:
Қытайда болған алапат жер сілкінісінен 12 адам көз жұмды
Сауд Арабиясының 26 жастағы ханзадасы қайтыс болды
Қазақстандықтар Швециядағы гей-шеруге қатысып, жалауымызды желбіретті (фото, видео)