Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам сүйіктісіне өзгелермен секспен айналысуға рұқсат берген (фото)

27 жастағы Адам Жилле өзінің 22 жастағы сүйіктісі Беатрис Гиппске өзге ер адамдармен секспен айналысуға рұқсат берді. Ол мұндай қадамға ғашығынан біржола айырылып қалмау үшін барып отыр.

View-of-feet-of-couple-having-sex-in-bed

Бұл туралы Mirror жазды.

Беатрис Гиппс сүйіктісіне адал бола алмайтынын түсінген кезде онымен қарым-қатынасын үзгісі келеді. Алайда Адам екеуіне де тиімді ұсыныс жасайды. Ол бойжеткенге өзі ұнатқан кез келген жігітпен төсектес болуға рұқсат етеді. Тек оның қояр бір талабы – өзге жігіттермен бірге ұйықтамау.

Ал құмарын бір ермен қандыра алмайтын Беатрис оның ұсынысын қабылдайды.

Беатрис пен Адам 2014 жылдың ақпанында Оксфорд қаласындағы дәмханалардың бірінде танысқан. Алғашқы кездесу күні-ақ екеуі төсектес болып үлгереді. Алайда сол түннен кейін екі жас мүлдем кездеспейді. Тек 2015 жылдың сәуір айында тағдыр оларды қайта табыстырады.

«Оның сыртынан жүріс жүріп, жүрегін жаралағым келген жоқ. Сондықтан айырылысуды жөн көрдім. Бірақ Адам жабырқап қалды. «Бірге қала берейік, кез-келген адаммен жыныстық қатынасқа түсе бер» деді», – дейді Беатрис.

Beatrice-Gibbs

Бұл жағдай Беатристің көңілінен толықтай шығады.

Бір қызығы, Беатрис Адамның өзге әйелдерге жолауына қарсы. Адамның айтуынша, өзге әйелмен төсектес болған жағдайда, Беатрис оны жек көріп кетеді.

Adam-Gillet

Бұл ретте «Беатрис өзін кінәлі сезіне ме екен?» деген заңды сұрақ туындайды. Жоқ. Бойжеткен өзге ер азаматтармен өткізген түннен кейін алғашқыда өзін жайсыз сезінетінін, алайда Адамды құшақтап алған соң жағдайдың өз қалпына келетінін мойындады.

«Құмарын қандырса болғаны, мен ол үшін қуаныштымын. Ал мені өзге әйелдер қызықтырмайды. Әрі басқамен көңіл қоссам Беатристің бақытсыз болатынын білемін», – дейді Адам.

Жіберіп алмаңыз:

12 жастағы қызды туған ағасы зорлап жүкті қылған

Күйеуінің көңілдес әйелге барып жүргенін келіншек Uber қосымшасы арқылы біліп қойды

Жадынан айырылған қыз бұрынғы сүйіктісіне қайтадан ғашық болып қалған (фото)

Британиялық қыз миллион ұтыс өмірімді құртты деп лотереяны сотқа берді

Талқылау