Ер адам сүйіктісімен саяхатқа кетпеу үшін теракт ойластырған
Үндістанда Хайдарабад қаласыныңт тұрғыны сүйіктісімен бірге саяхатқа ұшпас үшін полицияға теракт туралы хабар берген.
Бұл туралы Metro хабарлайды.
Саяхаттың бағасы тым қымбат болғандықтан ер адам осындай ерекше әдіске барыпты. 32 жастағы Вамши Кришна онлайн арқылы танысқан сүйіктісін Гоа және Мумбаиға алып баруға уәде етіпті. Алайда сапарға жақын қалған сәтте ол ақшасының жетпейтінін түсінеді. Бірақ, қызды саяхатқа шығу туралы райынан қайтара алмапты.
Ақшам жетпейді деп айтсам сүйіктісі тастап кетер деп қорыққан ер адам, оған жалған әуе билетін жібереді. Бұдан соң ол жаңа электронды почта ашып, әйел адамның атынан полицияға өтірік хат жіберген. Онда әлдекімдердің Ченнаи, Мумбаи және Хайдарабад әуежайларындағы ұшақтарға қауіп төндіргелі жатқанын айтады. Осыдан кейін іле-шала Үндістанның көптеген әуежайларында қауіпсіздік шаралары басталып кеткен.
Нәтижесінде полиция IP-мекен-жай арқылы ер адамның тұлғасын анықтайды. Сондай-ақ, Вамши Кришна өзінің заңды әйелі және баласы бар екеніне қарамастан интернеттен танысқан әйелге үйленуге уәде беріпті.
Оқи отырыңыз:
Қырғызстандағы қайғы: Елбасы Қырғыз президентіне көңіл айтты
Сауда Арабиясында алғашқы кинотеатр мен опера үйі ашылатын болды
Моңғолияда пластиктен жасалған құрастырмалы киіз үй ойыншықтар сатылымға шықты
Қытайда сәбиге мұсылман дініне қатысы бар есімдерді қоюға тыйым салынды