Ер адам өз ұлын 15-қабаттық биіктіктен төмен қарай салбыратып қойғаны үшін сотталды
Алжирде өз ұлын пәтер терезесінен төмен қарай салбыратып қойған ер адам бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы Al Arabiya хабарлайды.
Ер адам суретті Фейсбукте жариялаған. Суретте ол баланы 15-қабаттағы пәтер терезесінен төмен қарай салбырата ұстап тұрады. Бірақ, бала мұның соншалықты қауіпті екенін сезіп те тұрмаған сияқты. Суреттің жанына ер адам “1000 лайк немесе мен оны тастай саламын” деп жазып қойыпты.
Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырып, құқық қорғау органдарынан бұл жағдайды елеусіз қалдырмауды талап еткен. Кейін әлгі ер адам суреттің фотошоппен жасалғанын, балкондағы темір қоршауды мобилді қосымша көмегімен алып тастағанын айтыпты.
Бірақ, соған қарамастан оны 18 маусым күні тұтқынға алған. Оны өз ұлын қауіпті жағдайға қалдырғаны үшін деген айып тағылды. Нәтижесінде ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылған.
Оқи отырыңыз:
Жылан шағып алған ер адам бірге өлу үшін әйелінің қолын тістелеп уды жұқтырмақ болған
Ресейдің бір облысын түгелдей қар басып қалды (фото)
Оскар сыйлығын үш рет жеңіп алған актер енді киноға түспейтін болды
Қадір түнінің құрметіне 1000 тұтқынға рақымшылық жасалып түрмеден босатылды