Ер адам компаниядан ұрлаған 100 миллион теңгені эскортқа шашқан

Ұлыбританияда қаржы компаниясының үйленген директоры компаниядан ұрлаған ақшасын эскорт қызметтеріне жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun-ға сілтеме жасап хабарлайды.
North of England Coachworks компаниясында жұмыс істеген Мохаммед Асиф Хан фирма қаражатынан шамамен 1,1 миллион фунт стерлинг (660 миллион теңге) жымқырды деп айыпталған. Осы соманың шамамен 160 мың фунтын (Шамамен 100 миллион теңге) ол эскорт қызметіне жұмсаған. Сот оның 56 мың фунт стерлингі (34,5 миллион теңге) елдегі ең жоғары ақы алатын порнoактрисалардың бірі саналатын Джемма Мэссиге төленгенін анықтады. Оның бір сағаттық қызметінің құны мың фунт стерлингке дейін жетеді.
2024 жылы Хан алаяқтыққа байланысты азаматтық талап аясында компанияға 500 мың фунт стерлинг (Шамамен 300 миллион теңге) қайтаруға келіскен. Алайда осы уақытқа дейін ол небәрі шамамен 550 фунт стерлинг (330 мың теңге) қана өтеген. Сонымен қатар ол бұрынғы жұмыс берушілеріне ақша бермеу үшін құны 20 мың фунт стерлинг (12 миллион теңге) тұратын Rolex Daytona сағатын кепілге қойып, сот тыйымын бұзған.
Судья Джастис Джей Ханды сотты құрметтемегені үшін алты айға бас бостандығынан айырды. Үкімнің орындалуы 17 сәуірге дейін кейінге шегерілді, осылайша ол апелляция беруге мүмкіндік алды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған