Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам қалыңдығының өзінен 25 жас үлкен екенін үйлену тойы қарсаңында білген

Жапонияда 40 жастағы ер адам қалыңдығының өзінен 25 жас үлкен екенін үйлену тойының қарсаңында білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.   

Фото: Instagram/yoshitaka_222

Еситака есімді ер адам сүйіктісімен 7 жыл бірге жүріп, өзінен үлкен екенін білмеген. Олар Еситака ажырасқан соң танысқан. Аки ойын-сауық мекемесінің басқарушысы.



Әйел ер адамға жас айырмашылығы бар екенін көрсетуге тырысқан. Паспорты мен сақтандыру картасын көрінетін жерге қалдырса да, Еситака назар аудармаған. 

Аки нақты жасын той алдында айтқан. Алайда жас айырмашылығы олардың үйленуіне кедергі келтірмеген. Үйлену тойынан кейін ерлі-зайыптылар ел аралауға кеткен.

Айта кетейік, Жапониядағы жас қыздар арасында жаңа дәстүр пайда болған еді. Жаңа тренд бойынша қалыңдықтар жалғыз адамдық той ұйымдастырып, өзіне өзі тұрмысқа шығады. 

Мұндай тойларды тек бойдақтар ғана емес, тұрмыс құрған әйелдер де ұйымдастырады екен. Сонымен, 2018 жылы 47 жастағы жапондық әйел өзіне үйленген. Әйел өзін қайтадан қалыңдық ретінде сезінгісі келіп, осылайша өмірінің жаңа тарауына кірісіп, өзінің өткен өмірімен символикалық түрде қош айтысқысы келген. 

Жапонияда дәстүрлі үйлену тойларының саны айтарлықтай қысқарған. Өткен жылы некеге тұрудың ең төменгі деңгейі тіркеліп, 500 мыңнан аз жұп қарым-қатынастарын заңдастыруға шешім қабылдаған.

Талқылау