Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда Брижит Макронды "трансгендер" деп айыптаған он адам сотталды

Фото: Arnaud Journois/MAXPPP/dpa/picture alliance

Париждің қылмыстық соты Франция президенті Эмманюэль Макронның жұбайы Брижит Макронға қатысты әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратты деп айыпталған он адамға үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі France info хабарлады.

Сегіз ер адам мен екі әйел Брижит Макронды трансгендер әйел және педофил деп жалған мәлімдеме жасағаны үшін кибербуллингке кінәлі деп танылды. Сот айыпталушылар жариялаған жазбалар Францияның бірінші ханымының өмір сүру жағдайына, сондай-ақ оның физикалық және психикалық денсаулығына кері әсер еткенін анықтады.

Айыпталушылардың басым бөлігіне 4 айдан 8 айға дейін шартты жаза тағайындалды. Тек бір адам сот отырысына келмегені үшін 6 ай мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сондай-ақ сот оларды президенттің жұбайына моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Брижит Макрон Жан-Мишель Троньё есімімен туған және жынысын ауыстырғаннан кейін жеке басын өзгерткен деген жалған ақпарат Эмманюэль Макрон 2017 жылы президент болып сайланғаннан кейін тарай бастаған.



"Мен үнемі күресіп келемін. Жасөспірімдерге қорлықпен күресуге көмектескім келеді. Бірақ өзім үлгі болмасам, бұл олар үшін қиын болады", – деді Брижит Макрон үкім шығарылар қарсаңында TF1 телеарнасына берген сұхбатында.

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Қаңтар, 2026 10:55