Ер адам баласын суға сүйреп бара жатқан төрт метрлік қолтырауынды жеңіп, ұлын құтқарды
Филиппиннің Балабак қаласының тұрғыны 15 жастағы ұлын 4,5 метрлік қолтырауынның шабуылынан құтқарды.
Бұл туралы Manila Bulletin басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Алып қолтырауын балық аулау үшін моторлы қайығын дайындап жатқан жасөспірімге артынан тап берген. Оның айқайлаған дауысын сол уақытта анасы естіп қалған. Анасы үйден шығып қараса, қолтырауын ұлын суға сүйрет бара жатыр екен. Әбден зересі ұшқан әйел ұйықтап жатқан күйеуін оятқан. Күйеуі бірден қолына қару алып, ұлын суға қарай сүйреп бара жатқан жыртқыштың артынан қуа кеткен.
Ал ол уақытта қолтырауын жасөспірімді суға сүйреп әкеп үлгерген екен. Соңдарынан қаруланып жеткен әкесі қолтырауынға шабуылдап, ұлын құтқармақшы болған. Бірнеше минуттан соң ол жыртқыш аңның көзіне пышақ сұғып, ұлын аман-есен қолтырауынның аузынан құтқарып алған. Содан кейін жыртқыш оларды жайына қалдырып, өз жөніне кетті.
Ер адам қолтырауынға шабуылдаған кезде ауыр жарақат алған. Жыртқыштан аман-есен құтылған әкесі мен баласы бірден ауруханаға жеткізілді.
Оқи отырыңыз:
Қытай әр отбасындағы бала санына қатысты шектеуден бас тартуы мүмкін
Рамазан айында жұмыс істеп жатқан мұсылмандар еврейлер үшін қауіпті саналуда
Әкесі қызын көлікте ұмытып кеткен: қыз қайтыс болды
Әйел 5 рет түсік тастаған құрбысына егіз балаларын туып берді (фото)