Ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттан лақтырып жіберді
Мәскеуде ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Олар алған жарақатынан тіл тартпай кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, ер адам пәтерінің терезесінен заттарды да лақтырған. Оқиға орнында 36 жастағы әйел мен бір жастағы ұл бала қайтыс болды. БАҚ ұсталған адам Ресей Федерациясының Орталық Банкінің қызметкері деп болжап отыр. Олар жұбайымен шамамен үш жыл некеде тұрған.
Жағдай Красноказарменная көшесіндегі "Лефортово парк" ТК-де болған.
Оқиға орнында жедел жәрдем, ТЖМ және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"