Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам 13 жыл бойы әйелін есірткі беріп ұйықтатып, достарымен бірге зорлап келген

Фото: structuresxx / Shutterstock / Fotodom

Ұлыбританияда 13 жыл бойы әйелін достарымен бірге зорлап келген ер адамға қатысты сот ісі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Сот алдында Уилтшир штатындағы Суиндон қаласынан 49 жастағы Филипп Янг және тағы бес адам тұрды. Оларға 2010 жылдан 2023 жылға дейін Джоан Янгты зорлады деген айып тағылды. Айыптаушы тарап Филипп Янг әйелін кем дегенде 11 рет есірткі беріп ұйықтатып, зорлаған деп мәлімдейді. ӨЗге күдіктілер де әйелмен оның келісімінсіз жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталып отыр.

Прокуратура іс бойынша басқа мәліметтерді жарияламады.

Филипп Янг көптеген жыныстық зорлық-зомбылық, жыныстық алымсақтық, вуайеризм, балалардың ұятсыз суреттерін сақтау және экстремалды жыныстық қатынас үшін қосымша айыпталғаны белгілі. Ұлыбританиялық барлығы 500 пункт бойынша айыпталды. 31 мен 61 жас аралығындағы қалған сотталушыларға Джоан Янгты зорлаудан басқа да қылмыстар үшін де айып тағылды.

Полиция мәліметінше, бұл процесс күрделі ауқымды тергеудің нәтижесі. Алқабилерге ықтимал қысымды болдырмау үшін іс бойынша қосымша ақпарат құпия болып қалады.

Айта кетейік, бұған дейін педофилия үшін сотталған қазақстандық TikTok-та стрим жүргізіп жүргені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Жексенбі, 04 Қаңтар, 2026 22:54