Ер адам 12 жасында жұтып қойған тіс щеткасын асқазанынан 52 жылдан кейін ғана алды
Фото: Handout
Қытайда 64 жастағы ер адам 52 жыл бұрын тіс щеткасын жұтып қойған. Жарты ғасыр ішекте тұрақтаған затты дәрігерлер алып тастауға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам 12 жасында тіс щеткасын абайсызда жұтып қойған. Уақыт өте келе оның асқазаны ауырып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ер адам асқазанға түскен зат өздігінен еріп кетеді деп ойлаған екен. Алайда дәрігерлердің 17 сантиметрлік затты алып тастауына 80 минут қажет болған.
Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясында тұратын Ян есімді ер адам затты жұтып қойған кезде қорыққанынан ата-анасына айтпаған. Дегенмен дәрігерлерге жүгінгенге дейін ешқандай ауыртпалық сезінбепті.
Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның жолы болды. Өйткені тіс щеткасы ішектің иілісіне кептеліп қалған. Жылдар бойы қозғалмаған, сол себепті ешқандай зақым келмеген.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайда орта жастағы ер адам лас шұлығын иіскейтін әдетінің салдарынан ауыр өкпе инфекциясына шалдыққаны туралы жазған едік.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
