Эпицентрі Ауғанстанда: Еліміздің 5 аймағында жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 наурыз күні сағат 22:47:30 жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 16.1. MPV магнитудасы – 7,8. Эпицентр координаттары – 37,00° солтүстікке қарай – 71,12° E. Тереңдігі – 120 км", – делінген "СОМЭ" ЖШС хабарламасында.
МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық, Алматы, Түркістан, Қызылорда аймақтарында 2 балдық деңгейде сезілді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар