Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енесіне алғыс айтқан келіні жұртты сүйсінтті (видео)

Қазақ әжей келінінің өзі мен күйеуіне қалай алғыс айтқанын әңгімелеп берді.

«Мемлекеттің Алғыс айту күні» деген мерекесі болды ғой. Ондайды білмейміз ғой. Бір күні келінім хабарласып тұр. Сізге рахмет айтам дейді. Не болып қалды? Маған ешкім олай рахмет айтпаған деп жатырмын. Мен келін болғалы 11 жылда мені тәрбиелеп, осындай халге жеткізгеніңіз үшін сізге алғыс айтам деді. Оны түсінген саған да рақмет дедім.

Бір уақытта ұлым хабарласты. Сізге алғысымды айтам деп. Ойбой-оу, мыналарға не болған деп түсінбей қалдым. Сондай мереке екен ғой», – деді әжей Алғыс айту күнін алғаш кезін еске алып.

Әжейдің әңгімесің тыңдаған жұрт сүйсіне күлісті. Көпшілік келіні мен ұлының ізеттігіне риза болып жатты.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек

Семейде оқушы қызға «қырындаған» мұғалімнің басы дауға қалды

Дариға Назарбаева: Құдайға шүкір, орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ

Талқылау