Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Энергетика жетіспеушілігін жояды": Тоқаев үкімет пен Алматы әкімдігіне тапсырма берді

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ жиында президент салада таяу жылдары атқарылатын нақты жұмыс бағыттарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаевтың сөзінше, биыл батыс аймақтардың электр желісін күшейтетін бірегей жоба аяқталады.

“Қазақстанның энергетикалық әлеуетін нығайту – басымдыққа ие міндет. Биыл батыс аймақтардың электр желісін күшейтетін бірегей жоба аяқталады. Бұл жоба Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының энергетикалық тораптарын біріктіреді. Енді осы тораптарды бірыңғай ұлттық энергетика жүйесіне жалғау қажет”, – деді президент. 


Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің Украина бойынша келіссөздер процесін қолдайтынын айтты


"Бес елдің ортақ міндеті": Тоқаев Каспий теңізін сақтап қалу мәселесін көтерді


Мемлекет басшысы Қазақстанда  басқа да ірі жобалар қолға алынып жатқанын айтты.

“Елімізде басқа да ірі жобалар қолға алынып жатыр. Атап айтқанда, Екібастұздағы екінші ГРЭС-те жаңа энергоблоктар салынады. Сондай-ақ үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталмақ. Бұл нысандар еліміздегі энергетика жетіспеушілігін жоюға тиіс. 2026 жылы Алматыдағы электр станцияларын жаңғырту – Үкімет пен әкімдік алдында тұрған маңызды мақсат. Сол арқылы ауаның ластану деңгейін төмендетіп, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту қажет. Бұған қоса, келесі жылы Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ қондырғысы бар электр станцияларын толық іске қосу керек. Біз 2035 жылға дейін 26 гигаваттан астам қуат көзін өндіретін нысандарды іске қосуды жоспарлап отырмыз”, – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы жылу электр орталықтарының қашан газға көшетіні белгілі болғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 17 Желтоқсан, 2025 12:03