Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетика министрлігі халық наразылығына неге кеш жауап берді – Министрдің жауабы

Энергетика министрі Мағзум Мырзағалиев Маңғыстау облысындағы сұйытылған газ бағасының қымбаттауынан туындаған тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді. Ол ведомство өкілдерінің неліктен халықпен кездесуге асықпағанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

магзум мырзагалиев

"Жаңаөзен мен Маңғыстаудан хабар келе салысымен менің орынбасарым, вице-министр осы мәселенің оңтайлы шешімін табу үшін жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындарымен, басшыларымен оқиға орнында кездесу үшін облысқа ұшып барды", –  деді министр.

Сондай-ақ ол журналистердің энергетика министрлігі бұл жағдайға неліктен бір күннен кейін ғана жауап берді деген сұрақтарына да тоқталды.

"Халықтың алдына шығып, олармен сөйлесу үшін белгілі бір позицияны нықтап алу қажет еді. Ол әзірленіп, талқыланып жатты", – деп түсіндірді ол.

Желілермен өздерінің әлеуметтік міндеттемелері аясында өз маржаларын бөлісуге дайын болатыны туралы келісімге қол жеткізілгеннен кейін кездесулер өтті. Ол бүгін түстен кейін болды, деп түйіндеді Мырзағалиев.



Айта кетейік, бұған дейін Мағзум Мырзағалиев Маңғыстаудағы жағдайға өзін жауапты сезінетінін айтқан болатын.

Жаңаөзен мен Ақтаудағы жағдай

2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі 100 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттаған сұйытылған  газ бағасын төмендетуді талап етті.

Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді.

Бірақ халықтың түсіндірмесі қанағаттанбады, себебі Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Көтеріліс салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түннің бір уағына дейін жалғасты

Талқылау