"Енелер, қойыңыздар": Сая Оразғалиева босанғаннан кейін 40 күн жуынбайтын әйелдерге таңғалды
Жақында екінші сәбиін дүниеге әкелген Сая Оразғалиева босанғаннан кейін көптеген қазақ отбасыларында ұстанатын "дәстүрге" қарсы шықты. Ол кейбір аналардың 40 күн бойы жуынбайтынын естіп, таңғалды. Актриса бұл ретте енелерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram-дағы оқырманының 40 күн жуынбау туралы сауалына Сая: "Сандырақ. Олай жасайтын адамдар бар ма?" деп жауап берді. Бір қызығы, бар болып шықты. Актриса таңданысын жасыра алмады.
"Маған бірнеше адам 40 күн жуынбағанын жазды. Оларға енелері айтыпты. Білмеймін, менде катетер, омыртқамда құбыршек салбырап тұрды. Бірақ мен босана салысымен перзентханада душқа түстім. Онда ашық жаралар болды. Енелер, бұлай жасауды қойыңыздар. Меніңше, ұлым әйелін сүймей кетсе екен деп ойлайтын енелер солай жасайды. Адам қалайша 40 күн жуынбай жүре алады?" - деп жазды актриса.
Өнер иесі тұңғышын босанғаннан кейін, күйзеліске түскенін ашық айтты. "Ол сұмдық" деген Сая қазір бәрі басқаша екенін жеткізді.
"Қазір бізде гармония. Қамқор әрі сүйікті күйеуім, керемет балам, анам жанымда. Қысқасы, бәрі жақсы. Ал мен қанаттанып жүрмін", - деді Сая.
Сондай-ақ, актриса күйеуінің ұлты ұйғыр екенін, өзінен 1 жасқа кіші екенін ашық айтты.