Енді жылдамдықты 60 шақырымнан асырған жүргізушілер 157 мың теңге айыппұл төлейді

Фото: Depositphotos.com
Жүргізушілерге айыппұлдың жаңа түрі енгізілді. Енді жылдамдықты сағатына 60 шақырым қашықтықтан асырған көлік иелері 157 мың теңге төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бір жылдың ішінде заңбұзушылық қайталанса, бұл сома екі есе өседі. Жаңашылдық бойынша камералар арасындағы орташа жылдамдық есептеледі. Яғни бір "Сергектен" екіншісіне дейін белгіленген жылдамдықты асырмау қажет. Жаңа заң бойынша қарсы жолаққа шыққандарға да жаза күшейді.
Көлігін эвакуатормен тасымалдаған қазақстандық жылдамдық үшін айыппұл алған
Бұдан былай аталған жол ережесін бұзған адам 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Егер бұл әрекет жол апатына алып келсе, онда 78 теңге көлемінде айыппұл немесе 9 айға куәліктен айыру қарастырылған.
Еске салсақ, Қазақстанда қалалардағы рұқсат етілген жылдамдық төмендетілмек екені айтылды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды