"Енді жыламаймын": Ажырасқанын мәлімдеген Макпал Исабекова оқырмандарына уәде берді

Қазақстандық әнші, “Ноябрь”, “Слепой дождь” хиттерінің орындаушысы Макпал Исабекова жуырда жарыққа шыққан жаңа әні өзінің ішкі сезімін бейнелейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі тыңдармандарына “Оңалдың” атты жаңа әні мен бейнебаянын ұсынды. Музыкалық туынды тыңдармандар тарапынан жоғары бағасын алды.
“Әйел адам сатқындықты кешіруі мүмкін, бірақ ұмыта алмайды”, – деді Макпал.
Әнші оқырмандарына қолдауы үшін алғыс айтып, бұл ән өзінің жан дүниесіндегі күйді жеткізетінін мойындады.
“Жылы сөздеріңіз үшін рақмет, бәрі жақсы, шүкір. Бұл ән – жанымның әуені, ішкі сезімімнің ашық көрінісі. Мен алғаш рет бұл сезімдерді көпшілік алдында сезінуге өзіме рұқсат бердім. Енді жыламаймын деп уәде беремін. Жақында бірге билейтін боламыз”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ Мақпал Исабекова тыңдармандарына уәде берді.
“Сіздерге көп жаңа ән сыйлауға уәде беремін, таңғалдыруға, шабыттандыруға, әндерім арқылы емдеуге, махаббат пен жылулық сыйлауға тырысамын. Себебі мұның бәрін сіздерден аламын, ал мен сіздердің махаббаттарыңызды еселеп қайтарғым келеді”, – деп жазды әнші.

"Дене қызуы түспей қойды": Демалыстан оралған Мақпал Исабекова ауруханаға түсіп қалды
"Мені қаралап, жала жапты": Әнші Мақпал Исабекова жақындарының сатқындығына ұшырағанын айтты
Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова алғаш рет ажырасқанын мәлімдегені хабарланған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған