Енді Яндекс.Такси тариф құнын негізсіз көтере алмайды
Фото: depositphotos
Бәсекелестікті қорғау және дамыту және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Яндекс Такси компаниясының алгоритмдік баға қалыптастыру тиімділігіне аудит жүргізді. Енді Яндекс.Таксиге бағаны шамадан тыс өсіруге тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, аудит нәтижесінде баға белгілеу жүйесінде бірқатар тәуекелдер анықталған. Кейбір тәуекелдер жойылып, қалғандары бойынша Яндекс оларды жою жөнінде міндеттемелер қабылдады.
“Осылайша, Агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының ережелері (Яндекс+ бағдарламасы) өзгертілді. Яндекс осы бағдарлама бойынша барлық шығындарды (клиенттерге ұсынылатын жеңілдіктерді) толық өз мойнына алды” – делінген хабарламада.
Яндекс қолданыстағы комплаенс жүйесіне мынадай өзгерістер енгізді:
– такси тарифтерінің және жол жүрудің базалық құнының қымбаттайтыны туралы Агенттікке 3 күн бұрын хабарлау;
– әуежай маңындағы кейбір тұрғын аймақтарды әуежай тарифтік аймағынан алып тастау (1 апта ішінде);
– жол жүрудің базалық құнынан екі есе асатын сомадан комиссия ұстамау (бұл жүргізушілердің табысын арттыруға ықпал етеді);
– "Эконом" тарифіндегі комиссияны әр қалада екі жылда бір реттен жиі көтермеу (аталған тариф ең сұранысқа ие тариф болып табылады);
– максималды сұраныс жағдайында тарифті үш еседен артық көтеруді шектеу (мысалы, ауа райы қолайсыз күндері немесе мереке күндері, мұндай сапарлар әр тоқсанда әр қалада барлық сапарлардың 5%-ынан аспауы керек, бұл талап нақты көрсетілген);
– сұранысы төмен аймақтар үшін тариф құрамындағы қосымша төлем компонентін пайдаланушы қосымшасында түсінікті көрсету;
– 2025 жылдың 30 маусымынан кешіктірмей пайдаланушыларға сапар бағасының толық құрылымын қосымшада көрсету;
– техникалық қолдау сапасын арттыру, атап айтқанда, пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу алгоритмін оңтайландыру.
Бұдан бөлек, Яндекс.Такси "Эконом" тарифінде сұраныс өте жоғары болған кезде (мысалы, ауа райының қолайсыздығы кезінде) сынақ режимінде виртуалды кезек жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе арқылы пайдаланушы қанша адамның такси күтіп тұрғанын көре алады және таңдау жасай алады: кезекке тұру, басқа тарифті таңдау немесе қоғамдық көлікпен жүру.
– Қазақстанда Chevrolet Cobalt тізгіндегендерді Яндекс Такси-де жұмыс істей алмайды деп қорқытты
“Яндекс.Такси антимонополиялық комплаенс аясындағы міндеттемелерінің орындалуы Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың бақылауында”, – деді министрлік.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
