Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді тұрмысқа шықпаймын": Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялады

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты. 

“Ғажайып кештен естелік! Осы кеште, Айман Нұразхан әпкеме қарап отырып, әдемі шешімге келдім: “Енді тұрмыс құрмаймын! Екі балам да өсіп қалды!", – деп жазды ол.

 Одан кейін қызының өнер адамы болуына қарсы екенін жеткізді. 

"Ақ қызым “әнші боламын” дейді. О бастан қарсы болғанмын. Бірақ, уақыт өте келе дауысын естіген сайын, харизмасы мен талантын сезген сайын көніп жатырмын. Себебі қабілеті менен 1000 есе артық! Менімен қалмай жұмысқа барады", – дейді әнші.



Желі қолданушылары екі баласын аман-есен өсіріп, сахнадан қол үзбеуін жазып жатыр. 

“Олай қатты кетпе, Алла бәрін көрсетеді”, “Аллам ойыңды өзгертетін мықты азамат жолықсын", "Ойыңды 360 градусқа өзгертіп жіберетін нағыз ер адам жолықса тұрмысқа қалай шығып кеткеніңді білмей қаласың", "Дұрыс баяғыда солай жасау керек еді", "Тұрмысқа шығу керек, жап-жассыз ғой әлі, әр әйел бақытты болуға жаралған", "Мөлдір айналайын олай кесіп айтпа, Алла біледі", – деп жазды көпшілік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 12:13
Талқылау