"Енді тентек болма": Актер Асқар Жұмабек абақтыдан босады
Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек қамаудан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын.
“Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!”, – деп жазды актер.
Желі қолданушылары кино жұлдызының аман-есен босап шыққанына құттықтау-тілек жазып жатыр.
“Енді тентек болма”, “Аман-есен оралдың, енді киноға түс”, “Қуанғанымнан жылап алдым”, “Әділетсіздіктің құрбаны болып кеткен едің”, “Достарыңның арқасында босап шықты”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Асқар Жұмабектің бұрын істі болғаны туралы ақпарат тараған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"