Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді оның отбасыма қатысы жоқ": Байзақованың інісі ажырасып кеткенін мәлімдеді

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал блогер Әлихан Байзақов ажырасып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, блогер сәуір айында сүйіктісімен неке қидырып, ислам дінін қабылдаған еді. 

“Осыған нүкте қойғым келеді: біз ажырастық. Бұл екі жақтың ортақ шешімі болды. Бұрынғы қыздарыма, бойжеткендерге, әйелдерге үлкен құрметпен қараймын. Өте көп жақсы сәттер мен естеліктер болды, бірақ бәрінің өз соңы бар. Мәселені жабық деп есептеймін. Бұл адам енді менің тегіме де, отбасымa да еш қатысы жоқ. Құрметпен қарауларыңызды сұраймын", – деп жазды ол.



Еске салайық, блогердің әпкесі Айжан Байзақова інісін құттықтаған еді. 

“Отбасымызға қош келдің! Құттықтаймыз! Біз нәзік, әдемі, шынайы жақсы көретін және менің ініме адал жар болатын сені қатты күттік. Сен маған келін емессің, менің сүйікті сіңілімсің. Мен үнемі сендердің тіректерің болып, қолдау көрсетемін. Осы үшін мен түнімен ұйықтамадым, бұл мен үшін туған күніме берілген ең күшті сыйлық", – деп жазды Айжан Байзақова.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 12:50
Талқылау
`