Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді көліктің тарихын eGov.kz порталынан тексеруге болады

Egov.kz порталында көліктің тарихын тексеру сервисі іске қосылды. Енді қазақстандықтар “Көліктің тарихы” сервисінің көмегімен автокөлікке иелік ету тарихы туралы барлық ақпаратты тексере алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл қызметтің көлік сатып аларда тигізер пайдасы көп. Яғни, пайдаланушыға әлеуетті сатып алу туралы қосымша ақпаратпен танысуға көмектеседі және сәйкессіздіктер туындаған жағдайда бірқатар проблемалардан сақтайды. Көлікті тексеру үшін сатушыдан оның мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорт нөмірін біліп алу қажет.

“Көліктің тарихы” сервисінен мынадай ақпарат ала аласыз:

  • Автомобиль маркасының атауы және шығарылған жылы;
  • Қозғалтқыштың көлемі, шанақтың түсі және қосымша орнатылған жабдықтың болуы;
  • Қазақстан аумағында автокөлікті алғаш тіркеген күні;
  • Меншік иелері туралы дербес деректерді көрсетпей-ақ, автокөлікті қайта тіркеу күндері бар алдыңғы иелердің жалпы саны;
  • Көлік құралына кепілдің немесе ауыртпалықтың болуы.

Автокөлік туралы ақпарат алу үшін eGov.kz порталына кіріп, "Көлік тарихы" сервисіне өтесіз. Кейін "Автомобильдің мемлекеттік нөмірі (МТНБ)" және "Автокөлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірін (КҚТК)" енгізесіз. Сонда көлік туралы ақпарат шығады.



Бұған дейін елімізде мопедистер 6 ай бойы жүргізуші куәлігінсіз және тіркеусіз көлік жүргізе алатыны туралы жазған едік.

Талқылау