"Енді қыз туып ал": Ерке Есмахан мен Raim отбасын құрғандарына үш жыл толғанын атап өтті

Танымал әнші Ерке Есмахан отбасы құрғандарына үш жыл толғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі отбасылық фотоларын жариялады.
“Раим екеуміздің шаңырақ көтергенімізге үш жыл болып қалды. Сол үш жылдың жемісі, міне, осы суреттерде. Алла бағымызды еселеп, қол жайып тілегенімізді молынан нәсіп етіп жатыр. Жаратқанға сансыз шүкір айтамыз. Бақытты болыңыздар! Біздің отбасымызға тілекші, кең пейіл, ақ жүрек оқырмандарым", – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары өнерлі отбасына ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Қандай керемет сәт”, “Қаншама сөзге қалса да, махаббаттары жеңіп шықты”, “Балаларың аман болсын”, “Енді қыз туып ал”, “Батырлардың ұрпағын көбейте бер”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Ерке Есмахан бала күтушісіне сыйлық беріп, жұртты таңғалдырған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді