Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қазақстандықтар облигациялар арқылы баспаналы бола алады: Жаңа тетіктің артықшылығы мен ерекшеліктері

сенсата

Қазақстандағы жетекші құрылыс компанияларының бірі - Sensata Group жылжымайтын мүлік нарығында тұрғын үй сатып алудың жаңа форматын іске қосты. Қараша айының ортасында компания жалпы көлемі 10,01 млрд теңге болатын алғашқы облигацияларын шығаратынын жариялады. Жаңа тетік қазақстандықтарға құрылыс компаниясының облигацияларын сатып алып, кейін оларды пәтерге айырбастауға мүмкіндік береді. Stan.kz тілшісі бұл модельді зерттеп, оның негізгі артықшылығы мен ерекшеліктерін саралады.

Облигация – қор биржасында орналастырылатын қарыздық бағалы қағаз. Бұл жағдайда эмитент әрі орналастыруды ұйымдастырушы - құрылыс компаниясының құрылымына кіретін "Sensata Holding" ЖШС (тикері — SENS1.1128). Sensata Holding ұсынған модельдің негізгі мақсаты – құрылысқа қаржы тарту. Ал облигацияларды өтеу ақшалай емес, жылжымайтын мүлік объектілері арқылы жүзеге асырылады.

сенсата

Құрылыс компаниясының облигацияларының артықшылықтары қандай?

Тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған қазақстандықтар Sensata Holding облигацияларын балама инвестициялық құрал ретінде қарастыра алады. Облигация арқылы түскен қаражатты компания тек тұрғын үй нысандарын салуға бағыттайды. Осылай қаражаттың өзге мақсаттарға пайдаланылуын болдырмайды.

Облигация сатып алу кезінде инвестор пәтер алуды жоспарлаған тұрғын үй кешенін алдын ала таңдайды. Өз кезегінде компания құрылыс мерзімдерінің сақталуына жауап береді, бұл клиентке тұрғын үйдің уақтылы тапсырылуына сенім артуға мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды артықшылық – жылжымайтын мүлік бағасының өсуі мен инфляциялық тәуекелдерден қорғаныс. Шарт жасалған сәтте бір шаршы метрдің құны бекітіледі және кейін өзгермейді.

Облигацияларды Sensata Holding-тің сату бөлімдерінде компания өкілі арқылы сатып алуға болады. Мамандар клиентке брокерлік шот ашуға және қажетті көлемде облигация алуға көмектеседі. Барлық сауда операциялары Sensata Club мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.

сенсата

Жобаның серіктесі – Tabys Pro инвестициялық қосымшасы. Платформа АХҚО-ға (51%) және Teniz Capital Investment Banking компаниясына (49%) тиесілі. Қосымша қазақстандық және шетелдік нарықтардағы облигацияларға, акцияларға және өзге де қаржы құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Айта кетері, бұл тетік банк несиесі болып саналмайды. Қаржыландыру капитал нарығы арқылы жүзеге асырылады және оның инфрақұрылымы аясында реттеледі. Бұл инвестор, яғни тұрғын үй сатып алушының құқықтарын толық қорғауды қамтамасыз етеді.

Облигациялар қандай бағамен сатылады және оларды ай сайын қосымша сатып алуға бола ма?

Бір облигацияның құны – 5 000 теңге. Егер бастапқы жарна пәтер құнының 20%-на тең болса, қажетті сома облигацияның номиналына бөлініп, олардың саны анықталады.

Мысалы, Арман сатып алуды жоспарлаған пәтердің бағасы 50 млн теңге. Оның 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнасы 10 млн теңге. Осы сомаға ол 2 000 облигация сатып алып, талап ету құқығын растайтын облигацияларды сатып алу-сату шартын алады.

Кейін құрылыс компаниясы облигацияларды пәтерді тапсыру арқылы өтейді. Ал егер инвестор тұрғын үй сатып алудан бас тартса, ол шарт талаптарына сәйкес салынған қаражатты қайтарып алу құқығына ие.

сенсата

Алайда мәміле облигацияларды алдын ала бекітілген кесте бойынша сатып алуды көздейді. Мәселен, бірден 2 000 облигация алып, кейін ай сайын 10–15 данадан қосымша сатып алу мүмкін емес. Кесте шарт жасалған кезде бекітіледі. Егер инвестор белгіленген кестеден тыс облигация сатып алғысы келсе, олардың құны бастапқы бағадан өзгеше болады.

Облигацияларды сатып алғаннан кейін ипотека рәсімдеуге бола ма?

Арманның мысалына қайта оралсақ: ол бастапқыда пәтер құнының 20%-ына тең сомада облигация сатып алды. Құрылыс аяқталғаннан кейін инвестор облигацияларды сатып алған бағасы бойынша өтеп, алынған қаражатты банк арқылы ипотекалық несие рәсімдеу кезінде бастапқы жарна ретінде пайдалана алады.

Айта кетейік, серіктес бағдарламалардың бірі бойынша ипотекалық несие рәсімделген жағдайда, шарт сомасына сатушы мен екінші деңгейлі банк арасында келісілген мөлшерде және шарттармен үстеме қосылады.

Облигацияларды үшінші тұлғаларға беру қарастырылмаған. Тек жекелеген жағдайларда ғана оларды басқа адамға қайта рәсімдеуге мүмкіндік бар, бұл шартта көрсетілген тәртіп пен талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

сенсата

Облигациялар – сенімді инвестициялық құрал

Sensata Holding облигациялары "Астана" халықаралық қаржы орталығының құзырында шығарылып, Astana International Exchange (AIX) қор биржасында орналастырылған. Орналастыруға жіберілер алдында құрылыс компаниясы қаржылық тұрақтылық пен нарық талаптарына сәйкестігін растау үшін кешенді тексеруден өтті.

Облигациялық бағдарламаға қатысты барлық ақпарат биржаның ресми сайтында жарияланған. Бұл шарттардың ашықтығын қамтамасыз етіп, инвесторлардың шығарылымның негізгі параметрлерімен еркін танысуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл құрал халықаралық қаржы инфрақұрылымы аясында түсінікті әрі реттелетін механизмге айналып отыр.

Айта кетейік, 2025 жылдың қараша айында орналастырылған 10,01 млрд теңге Sensata Holding облигациялық бағдарламасының алғашқы траншы ғана. Бағалы қағаздардың жоспарланған жалпы көлемі – 100 млрд теңге.

сенсата

Sensata Group – 2012 жылы құрылған қазақстандық девелоперлік компания. Он жылдан астам уақыт ішінде компания 40-тан астам тұрғын және коммерциялық жобаны жүзеге асырып, 1,9 млн шаршы метрден астам жылжымайтын мүлікті пайдалануға берді және клиенттеріне 10 500-ден астам пәтерді тапсырды.

Компания портфелінде комфорт және бизнес-класс тұрғын үй кешендері, коммерциялық нысандар, сондай-ақ Германияны қоса алғанда, халықаралық жобалар бар. Қазақстандағы ірі жүзеге асырылған жобалардың қатарында Central Park, Dara Residence, WTowers, Olympic Park, Mangilik, Dostyq 300 және өзге де нысандар бар.

2024 жылы SENSATA бизнес-орталығы Commercial Real Estate Awards (CRE Awards) нұсқасы бойынша Орталық Азиядағы "А класты үздік кеңселік жылжымайтын мүлік нысаны" деп танылды.

Сол жылы компания қуаты жылына 170 000 шаршы метрге дейін жететін Uniton автоклавты газобетон зауытын іске қосты. Бұл құрылыс үдерістерінің тиімділігін арттырып, сапа бақылауын күшейтуге мүмкіндік берді.

Sensata Group мемлекеттік жобалардың да мердігері болды, оның ішінде АӨСШК штаб-пәтерінің құрылысы бар. 2025 жылы компания Qazaqstan Builders Awards нұсқасы бойынша "Қазақстанның үздік девелопері" атанды.

Сонымен қатар Sensata Group тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған Sensata Club мобильді қосымшасы арқылы өз цифрлық кеңістігін дамытып келеді. Қосымшада компания тұрғын үй кешендерінің резиденттеріне арналған негізгі сервистер біріктірілген. Пайдаланушылар саны мен сервистік операциялар көлемі тұрақты өсім көрсетіп отыр.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 26 Қаңтар, 2026 17:00