Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қазақстандықтар Halyk қосымшасы арқылы емханаға тіркеле алады

Halyk Super App-та жаңа мемлекеттік қызмет – "Бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" пайда болды. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен іске қосылды. Функция қазақстандық азаматтарға смартфоны арқылы өз емханасына тіркелуге немесе бірнеше рет өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Науқастарға бұл несімен пайдалы?

Емханаға тіркелу – ресми қадам ғана емес. Науқас емханаға тіркеліп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша медицина қызметтерін ала алады. Мысалы, терапевт пен педиатрға барып, тексеріле алады, қарапайым анализдерді тапсыра алады, анықтамаларды ала алады, скринингтен өтеді, салалық мамандарға жолдама ала алады және тағы басқа. 

Ереже бойынша қазақстандық азаматтар жылына көп дегенде екі рет емханасын өзгерте алады. Дегенмен басқа жаққа көшсе, емханасы жабылып қалса немесе өзге маңызды себептер болса, басқа емханаға тіркеле алады. Әдетте көпшілікті тіркеу науқаны күзде өтеді. Бұл науқастарға үйіне не жұмысына жақын, ыңғайлы әрі сапалы емхананы таңдауға мүмкіндік береді. 

Halyk Super App арқылы қалай тіркелуге болады?

Halyk Super App арқылы емханаға тіркелуге небәрі 1 минут кетеді.

  1. Ең әуелі Halyk қосымшасынан "Мемлекеттік қызметтер" бөлімін, оның ішінен “Менің денсаулығым” бөлімін таңдайсыз. 

  2. Егер сіз әлі емханаға тіркелмеген болсаңыз, экранда "Тіркелу" деген батырма шығады.

  3. Ал бұрын тіркелген болсаңыз, "Ауыстыру" деген опцияны таңдаңыз.

  4. Тұрғылықты мекенжайыңызды немесе нақты тұратын орныңызды көрсетіп, медициналық ұйымды таңдаңыз. Қаласаңыз, нақты дәрігерді таңдай аласыз және не себепті бұл емханаға тіркеліп жатқаныңызды жаза аласыз. Бірақ бұл міндетті емес. 

  5. Өтініш онлайн жіберіледі.

Өтінішіңіздің нәтижесі push-хабарлама түрінде келеді және "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінің тарихында сақталады. Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

Бұл несімен ыңғайлы?

Halyk Super App қолданушылары үшін жаңа қызмет — ұзын-сонар кезекте тұрмай және құжаттарды толтырмай-ақ, емханаға тіркелуге мүмкіндік беретін тағы бір ыңғайлы жүйе. Осылай қосымша қазақстандықтардың қаржы әрі мемлекеттік мәселесін шешіп беретін “қалтасына салып алатын әмбебап кеңсесіне” айналады.

Halyk Bank Super App-та тұрақты түрде көп қызмет түрін қосып жатыр. Қазіргі таңда қосымша арқылы мынадай қызмет түрін алуға болады:

 – коммуналдық қызметтерді төлеу;

 – некеге тіркелу үшін өтініш беру;

 – жүргізуші куәлігін қайта рәсімдеу;

 – нотариалды сенімхаттар алу;

 – салық декларацияларын тапсыру;

 – жеке кәсіп ашу және заңды тұлғалар туралы ақпарат алу.

Бұл – мүмкіндіктердің тек бір бөлігі ғана. Қосымшада күнделікті өмірді жеңілдететін, уақытты үнемдейтін және қағазбастылықтан арылтатын 10-нан астам қызмет бар.

Halyk Super App — Halyk Bank ұсынған әмбебап мобильді қосымшы. Бұл қосымша қаржыға қатысты қызметтерді және күнделікті өмірге қажет сервистерді біріктіреді. Мұнда төлемдер мен аударымдар жасауға, "Мемлекеттік қызметтер" арқылы цифрлық құжаттарды алуға, несие және бөліп төлеу арқылы сауда-саттық жасауға, сондай-ақ бонустар мен кэшбэк алуға болатын адалдық бағдарламасына қатысуға болады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 16:51
Талқылау