Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қазақстандықтар Арменияда визасыз 90 күн жүре алады

Армения паспортФото: gov.kz

Мәжілісте Қазақстан үкіметі мен Армения үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы заң қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, келісімге 2024 жылғы сәуірде президенттің Арменияға ресми сапары кезінде қол қойылған.

"Құжатқа сәйкес, мемлекет азаматтарына елде 30 күн болғаннан кейін полицияда тіркелу міндеттеледі. Қазір олар полицияға бармай, елде 90 күн бола алады. Сондай-ақ келісімде ұлттық заңнамаларға сәйкес 90 күннен астам елде болу мерзімін ұзарту мүмкіндігі көзделген. Уақытша тұруға рұқсат алу жеткілікті. Осылайша, екі жақ үшін визалық режим жойылады. Бұл азаматтардың елдерге келу кезінде шығындарын азайтады", – деді Сәденов мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар елге кіру үшін:
•    Армения азаматтары үшін сәйкестендіру картасы;
•    Қазақстан азаматтары үшін жеке куәлік талап етіледі.

Осылайша, қазақстандықтар Арменияда жеке куәлікпен жүре алады. Бұрын мұндай ережелер тек Ресей мен Қырғызстанға бару үшін жарамды болатын.

"Осындай тәжірибе бар. Қазақстан азаматтары жеке куәлікпен Ресей мен Қырғызстанға еркін кіре алатын. Бұл шара келу және болу тәртібін жеңілдетеді. Содай-ақ паспорт рәсімдеу шығынын азайтады", – дейді министр.

ІІМ басшысының айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанға Арменияның 12 мыңға жуық азаматы келген.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 13:28
Талқылау