Қазақстандық әскерилерге жәрдемақы төленіп, жалақысы көтеріледі
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандық әскерилерді қолдау шаралары туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаныс министрінің орынбасарының сөзінше, келесі жылдан бастап әскерилердің жалақысы көтеріледі.
"Қазір парламентпен 2008-2010 жылдары жойылған жеңілдіктерді келесі жылдан бастап қайтару мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл – әскери қызметшінің еңбек демалысы кезінде отбасымен пойыз арқылы басқа жерге барып-қайту шығыны, күнделікті жол ақысының 50 пайызы мөлшерінде төленетін ақша”, – деді Жазықбаев.
Сонымен қатар, заң жобасында әскери қызметшілерге коммуналдық төлемдер үшін қаражатты қайтару қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Қазақстанда әскери қызметтің күшін жою туралы петицияға қатысты пікір білдірген еді.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады