Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді "Қайрат" футболшыларына кез келген адамнан сыйлық қабылдауға тыйым салынды

Қайрат фк

Фото:f.c.kairat

“Қайрат" футболшыларына сыйлық беру тәртібі өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдағы уақытта "Қайрат" футбол клубының ойыншыларына сырттан сыйлық беру тек клубтың келісімімен жүзеге асады. Бұл туралы клуб президенті Қайрат Боранбаев мәлімдеді. Боранбаевтың айтуынша, жуырда команданың қақпашыларына қымбат автокөлік тарту етілгеннен кейін ұжым ішінде арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

"Футболшылар – клубпен ресми келісімшартқа отырған тұлғалар. Сол себепті мұндай мәселелер клубтың бақылауымен және рұқсатымен реттелуі қажет деген шешімге келдік", – деді ол "Спорт Шрёдингера" басылымына берген сұхбатында.

Еске салсақ, бұған дейін жеке кәсіпкерлер клубтың қақпашылары Шерхан Қалмұрза мен Темірлан Анарбековке автокөлік сыйлаған еді. Темірлан Анарбеков "Қайраттың" "Селтикке" қарсы ойында негізгі қақпашы жарақат алғаннан кейін қақпаға тұрып, пенальти сериясында қақпаны голдан аман сақтап қалды. Осылайша, ол "Қайраттың" Чемпиондар лигасына шығуына зор үлес қосты. Ал 18 жастағы Шерхан Қалмұрза "Реал" мен "Спортингке" қарсы ойында қақпаны қорғап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Айнұр Мұхади
Жұма, 17 Қазан, 2025 16:45
Талқылау