Енді ипотекасы бар қазақстандықтар несие төлеуді уақытша тоқтата алады
Фото: istockphoto.com
Енді ипотекасы бар қазақстандықтар қаржылай қиындықтарға тап болса қарызын уақытша тоқтата алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Азаматтың қаржылық жағдайы жақсарғанға дейін берешегін өтеу мерзімі шегеріледі. Ең бастысы қарыз алушы төлем қабілетінен айырылғанын дәлелдей алуы қажет.
Несиелік демалыс берілетін жағдайлар әртүрлі: жұмыссыз қалу, табыстың азаюы, декреттік демалыс. Кірісі күрт кеміген немесе қиын жағдайда қалған жандар несиесін кемінде үш айға шегере алады. Бұл мүмкіндікті табиғи апаттар мен төтенше жайттардан зардап шеккен тұрғындар да пайдалануға құқылы. Ол үшін барлық мән-жайды түсіндіріп, нақты дәлелмен құжаттарын ұсынса болғаны.
Мамандардың айтуынша, ипотекалық демалысты бір рет емес, екі рет алуға болады. Бірақ, бұл – қарыздан босату емес, тек уақытша жеңілдік.
Қазақстанда ипотека бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендей ме - Ұлттық банк төрағасы жауап берді
“Тек қана әлеуметтік жағдайлардан емес, жеке қаржылық қиындық көрсеңіз сол себептен де сізге демалыс бере алады. Тек ауызша айту ол жеткіліксіз. Сізде ресми құжаттар болуы керек. Мысалы жұмысыңыздан айырылып қалғаныңызды немесе баланың туу туралды куәлігі, әскери қызметке барғаныңызды, одан басқа ресми құжаттар керек”, – дейді қаржыгер Расул Рамазан.
Сарапшы несиелік демалыс беру тәртібі әр қаржы ұйымында әртүрлі екенін айтады. Оның айтуынша, көбіне өтініш несиені 6 ай не 1 жыл бойы кешіктірмей төлеген кезде ғана қабылданады.
Ипотекалық демалыс қарыздан құтылудың жолы емес. Тіпті борыштық жүктеме еселеп өсуі мүмкін, жеңілдікті қолданбас бұрын, ойланған жөн дейді сарапшылар.
Еске салсақ, бұған дейін қаржылық жағдайы нашарлаған қазақстандықтар алимент төлеуден босатылатыны туралы жазған едік.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
