Енді елімізде шенеуніктердің ескі қызметтік көліктері әріптестеріне берілмек
Фото: Видеодан скрин
Елімізде мемлекеттік органдар пайдаланбайтын қызметтік мүлікті қайта бөлу тетігі енгізілді. Ол үшін арнайы "Тапсыру" атты жаңа портал іске қосылды. Платформа арқылы ведомстволар ескі қызметтік көліктерді, техника мен ғимараттарды басқа мемлекеттік мекемелерге электронды түрде бере алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жауаптылардың айтуынша, бастама бюджет қаржысын үнемдеп, артылған мүлікті кәдеге жарату үшін қолға алынған. Порталға 23 мыңнан астам мемлекеттік ұйым қосылды. Олар шамамен 20 миллион нысан бойынша мүлікті электронды түрде тапсыра алады.
Фото: Видеодан скрин
“Елде мемлекеттік мүлік өте көп. Кей органдар кейбір нысандардың бар екенін де білмейтін. Сондықтан барлық мүлік цифрландырылды. Енді бюджетті жоспарлағанда жаңа ғимарат сатып алудың қажеті жоқ, мекемелер бар мүлікті пайдалана алады. Мысалы, бұрын көлік керек болса бюджеттік өтінім жасап, ақша сұрайтын. Ал қазір маркетплейс арқылы басқа органдағы аукционға қойылған көлікті тауып, оны өз балансына тіркей алады”, – дейді Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық және ақша жымқыру істері бойынша шенеуніктер ұсталғаны туралы жазған едік.
"Ауруханалар толып қалған": Қазақстандықтар "белгісіз" вирустың таралуына жаппай шағымданып жатыр