Енді eGov қазақстандықтардың үйі мен жері туралы ақпаратты салық органына беріп отырады
Фото: gov.kz
Енді eGov порталы қазақстандықтардың үйі мен жер телімдері туралы ақпаратты салық органдарына беріп отырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаңтарда қолданысқа енетін бұйрыққа сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы мәліметтің бәрін күнделікті онлайн-режимде жіберуі тиіс.
Осылайша мемлекеттік кірістер комитеті азаматтардың атында қандай мүлік барын анықтап, салық салады. Тәртіп жер телімінен бастап, саяжай, жеке қолданыстағы паркинг пен қойма, тіпті шаруа қожалығына дейін қамтиды. Ал мемлекеттік органдар жеке деректердің қауіпсіздігіне жауап беруге міндетті.
Вице-министр пәтерін жалға беріп, бірақ салық төлемейтіндерді қалай анықтайтынын айтты
Шотындағы ақша айналымы 2 миллион теңгеден асқан қазақстандықтарды салық органдары тексереді
Сондай-ақ, салық органдарына борышкерлер жайлы мәлімет те берілмек. 10 қарашадан бастап кредиттік бюролар микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға қарыз қазақстандықтар туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдап отырады. Осылайша жыл соңына дейін борышкерлердің тізімі құрылып, несие сомасы мен қарыз қалдығы туралы есеп жүргізіледі. Бастама азаматтардың нақты табысы мен шығынын білу үшін қолға алынған.
Еске салсақ, бұған дейін 2026 жылдан бастап жаңа пәтерін екі жылға жетпей сатқандар салық төлейтіні туралы жазған едік.
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді