Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді декларация тапсыруды ұмытып кеткендерге айыппұл салынбайды

декларацияны ұмытқандаға салық салынбайдыФото: pixabay.com

Қазақстанда салықтық есептілікті тапсырмағаны үшін айыппұл салынбайтын болды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету аясында есептілік нысандары 30%-ға қысқартылған. Сонымен қатар көлік салығы бойынша есептер мен декларациялар тапсыру талабы алынып тасталды. Енді қазір жеке тұлғаларға қолданылып жүрген тәжірибедегідей бұл салық жол полициясы органдарының деректері негізінде есептеледі.

Сондай-ақ егер салық міндеттемесі 1 млн теңгеден аспаса, мүлік салығы мен жер салығына қатысты төлемдер бойынша есептілікті тапсыру талабы да жойылады.

"Салықтық есептілікті ұсынбағаны үшін айыппұлдан бас тарттық. Егер салық төлеуші есептілікті ұмытып кетсе, оған айыппұл салынбайды, есеп нөлдік болып қабылданады. Кейін салық төлеуші есептік кезеңдегі нақты табысын өзі декларациялай алады", - деді Ержан Біржанов.


 


Жаңа шаралар салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және мемлекеттік органдармен жұмысты жеңілдетуге бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі Қазақстанда кімдер табыс пен мүлік туралы декларация тапсыруы керектігі туралы жаңа тізімді бекіткен еді.

Рая Мінәп
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 16:56