Еңбек министрлігі өкілі мұғалімдерді демалыста рейд жүргізу жұмысына шақырған мектеп директорлары жауапкершілікке тартылатынын айтты
Фото: ortcom.kz
Брифингте мемлекеттік еңбек министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасы Ерболат Әбілхатин Қостанай қаласы әкімінің балалардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында мұғалімдерді рейд жүргізу жұмыстарына тарту туралы ұсынысына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комитет өкілі мұғалімдерді мұндай жұмыстарға тарту мүлде құпталмайтынын атап өтті. Әбілхатиннің айтуынша, қазір мұғалімдердің негізгі жүктемеден босаған жазғы демалыс кезеңі басталғанын ескере отырып, еңбек инспекциясы мектеп директорларымен және білім басқармаларымен бірлесе отырып, мұғалімдерді міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуға жол бермеу жұмысын бастап кеткен.
"Мұндай фактілер анықталға жағдайда, еңбек инспекцияларына білім басқармаларынан жұмыс берушілер ретінде мектеп директорларын тиісті жауапкершілікке тартуға нақты нұсқаулар берілді", – деді мемлекеттік еңбек инспекция комитетінің төрағасы.
Ерболат Әбілхатин Қостанайдағы жағдай бақылауға алынғанын айтты.
"Біз Қостанай облысының еңбек инспекциясына мұғалімдер шағымданған жағдайда тексеру жүргізуді тапсырдық. Егер оларды жағажайларға (рейд жүргізуге – ред.) тартса, онда мұндай шағым болған жағдайда тиісті шаралар қабылданып, ұйғарым шығарылады", – деді ол.
Осыған ұқсас жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар 15 маусымда басталады.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай әкімі Марат Жүндібаев мұғалімдерді демалыста оқушыларға рейд жүргізу жұмысына тартуды ұсынып, сынға қалған еді. Ол каникулдағы балаларды құтқарушылар мен полицейлер ғана емес, мұғалімдер мен ата-аналар да қадағалау керек екенін айтқан.

Оралдықтар көпқабатты үйдің ауласында Құрбан айт тойлаған: Олар енді айыппұл арқалай ма
