Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еңбек Ері атағы әлі берілмепті": Бір топ өнер өкілдері Бибігүл Төлегеноваға бағалы сыйлық жасады

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

Мақпал Жүнісова мен Майра Ілиясова жез таңдай әнші Бибігүл Төлегенованың үйіне арнайы барып, сый-cыяпат көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халық әртістері атақты әншіге тілектерін айтып, бағалы ішік тарту еткен.

"Мақпал екеуімізден бөлек, тағы бір Халық әртісі Роза Рымбаева үшеуіміз сізге құрмет көрсеткіміз келді. Бірақ Роза Ақтөбедегі іс-шараға аттанып кеткендіктен келе алмады", – деді Майра Ілиясова.



Қос әнші халық әртісі жайған дастарханнан дәм татып, қонақ болды. Әдемі отырыстан кейін Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Қазақтың ұлы әншісі, бұлбұлына Бибігүл Төлегеноваға осы күнге дейін "Еңбек Ері" деген атақ берілмегенін бүгін қызының аузынан естіп, таңғалдым. Арамызда жүргенінде неге 95 жасқа дейін марапаттамаған екен?", – деп жазды ол.

Еске салайық, желі қолданушылары Air Astana-дан Бибігүл Төлегеноваға құрметсіздік танытқаны үшін кешірім сұрауды талап еткен еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025 15:33
Талқылау