Ең төменгісі – 157 мың теңге: Қазақстанда жаңа айыппұл бекітілді
Фото: freepik.com
ІІМ еліміздегі жолдарда орташа жылдамдықты асыру үшін жаңа айыппұл енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Егер жүргізуші белгіленген орташа жылдамдықтан 60 км/сағ және одан көп асып кетсе, оған 40 АЕК (2025 жылы бұл шамамен 157 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қала маңындағы жолдарда орташа жылдамдықты бақылау енгізілген жерлерде 15 мыңға жуық осындай құқықбұзушылық тіркелген.
-
Зиян пластик қаптамаларға салық: Қазақстандық депутат ұсынысын сарапшылар қолдамады
-
Түркістан облысында жүргізуші 3 833 теңге тұратын блендермен пара бермек болған
“Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Егер бұл әрекет жол-көлік оқиғасына алып келсе, онда 20 АЕК айыппұл немесе 6 айға куәліктен айырылу қарастырылған. Енді егер қарсы жолаққа шығу жол апатына себеп болса, жүргізуші 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұл жаза мөлшерін нақтылау үшін жасалып отыр”, – деді Сұлтанбаев.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
