Ең танымал ағайынды жұлдыздар (фото)
Танымал өнер жұлдыздары «бір отбасыға бір өнер иесі де жетеді» дегенді көп айтады. Алайда соған қарамастан, өнерде бір терінің пұшпағын илеп жүрген ағайынды жұлдыздар баршылық.
Stan.kz назарларыңызға ағайынды ең танымал жұлдыздар тізімін ұсынады.
Бүркіт пен Әли
Өткен күзде танымал әнші Бүркіт ел-жұртқа ағасы Әлиді таныстырды. Ол анасының қалауымен, ағасымен бірге дуэт жаздырып, бейнебаян түсірді. Бір сұхбатында Әли әнші болуды көздемейтінін айтты. Ол бар болғаны балаларын бірге көргісі келген анасының өтінішін орындапты. Десе де Бүркіттің ағасы өнерден алыс емес. Ол Нью-Йорктегі киноакадемияда продюсер мамандығы бойынша білім алған.
Сәкен Майғазиев және Ғабит Әбілдаев
Сәкен Майғазиевтің есімін білмейтін қазақ жоқ шығар?! Сонау 90-жылдары сахнаға алғаш шыққан кезде-ақ Сәкен ән салатын «Музарт» тобы бүкіл халықтың жүрегін жаулады, елдің сүйіктісіне айналды. Баз біраз жыл бұрын өнерге Сәкеннің туған інісі Роман Майғазиев келді. Алайда «До-Ма-Жор» тобында ән салған ол соңғы кездері сахнадан көрінбей кетті. Есесіне Майғазиевтің жиен інісі әлдеқашан өз тыңдармандарын тапты. «Меломендік» Ғабит Әбілдаев – Сәкен Майғазиевтің туған әпкесінің ұлы, яғни Майғазиевтің жиен інісі.
Артур және Асылхан Төлеповтер
Ағайынды Төлеповтер жұртқа «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы танылды. Онда Төлеповтердің кішісі Асылхан басты рөлді, ал Артур қосалқы рөлдердің бірін сомдады. Бүгінде ел Асылханды телехикаялар мен фильмдерден жиі көреді. Ал Артур біресе ән айтып, біресе киноға түсіп, әлі өз жолын таппай жүр.
Батыр Байназаров пен Асқар Ахмет
RinGo тобының әншісі Батыр Байназаровың өнерге келгеніне 10 жылдан асты. Осы уақыт аралығында Батыр өз тыңдармандарын тапты. Ал оның туған інісі Асқар Ахметтің шоу-бизнеске келгеніне көп болған жоқ. Асқар құрылғанына небәрі бір жылдан асқан RenZo тобында ән салады. Екі жігіт те продюсер Алуа Қонаровамен жұмыс істейді.
Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев
Жуырда ғана «өнертану ғылымдарының магистрі» атанған Әли әлдеқашан тыңдармандар аудиториясын қалыптастырып үлгерген. Көпшілік Әлиді сапалы әндер жазатын кәсіби музыкант деп бағалайды. Бүгінде оның танымалдылығы бір басына жетіп артылады. Ал ізінен ерген інісі Мәди енді ғана сахнаға аяқ басты. Алайда әлі мектеп қабырғасында оқитын Рымбаеваның кенжесі бірнеше ән жаздырып үлгерді. Тіпті, өзінің анасына да жазып берді.
Рано Омарова мен Шоқан Маратұлы
Жуырда ғана бойдақтық өмірімен қош айтысқан «All давайлық» Шоқан мен актриса әрі әнші Рано Омарованың туған ағайындар екенін көпшілік біле бермейді. Рано мен Шоқанның әкесі өмірден ерте озған. Қос өнер иесін осы күнге жалғыз аналары жеткізіп отыр.
Жазира және Ләззат Байырбековалар
Қазақ эстрадасындағы ең жарасымды жұп Жанболат пен Жазира елге отбасылы дуэт болып танылды. Алайда Жазира жастайынан әпкесі Ләззат Байырбековамен бірге дуэт айтқан. Журналист мамандығын меңгерген Ләззат соңғы кездері сахнаға жиі шығып жүр. Той-томалақтарда да Жазираның әнімен талай қызды ұзатып жүрген жайы бар. Ал Байырбековалардың кішісі Назира халыққа журналистика саласының білікті маманы ретінде таныс.
Жіберіп алмаңыз:
Айдана Меденова жаңа туған сәбиін көрсетті (фото)
Астанада Димаштың әлемдік фанаттарының кездесуі өтеді
Марқұм анасына өлең арнаған Нұржан Төлендиев көптің жүрегін елжіретті
Сиви «тойынғаннан ысырап той жасады» дегендерге өлеңмен жауап берді