Ең талантты әрі сұлу әнші: Қазақстандық қыз Ресейді мойындатты
Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 4-сынып оқушысы Снежана Ператинская екі бірдей халықаралық байқаудың гран-при иегері атанды, деп хабарлайды аталмыш білім ордасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.
Мәскеу қаласында өткен халықаралық байқауға Ресейдің əр өңірі мен Қазақстаннан жиналған 100-ге жуық талантты оқушы қатысып, бақ сынады.
Қазақ халқының ұлттық киімін киіп шыққан 10 жасар көкшетаулық қыз Снежана Ператинская орындаушылар арасында вокалдық шеберлігімен қазыларды тəнті етіп, «World Russian Beauty Moskow Region 2018» сұлулық, сəн жəне таланттардың халықаралық фестивалі мен «Лучший талант России 2018» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.
Мәскеуде өткен байқау қорытындысы бойынша, Снежанаға Вьетнам елінде өтетін фестивальдің дүниежүзілік кезеңіне бару үшін 1 мың доллар сомасына сертификат тапсырылды.
Оқи отырыңыз:
Димаш Құдайберген “Грэмми” сыйлығының иегерімен бірге ән жазып жатыр
Әнші Жазира Байырбекова күйеуі емес, ұлының тегін алғысы келетінін айтты
Қарақат Әбілдинаға баласының тұсауын кескізбек болған аналар ренжіп жүр