"Ең мықты адамның да жаны ауырады": Ақбота-Нұрдың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті
Танымал әнші Ақбота-Нұрдың денсаулығы сыр беріп, ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/
Өнер иесі денсаулықтың қадірін түсінуге шақырды.
“Ең мықты адамдардың да жанының ауыратынын ұмытпа. Олар да қателеседі, сүрінеді, өшпестей таңбаланады. Бірақ оларды мықты ететіні – қайта қалыпқа келуі. Қайта өзін табуы. Мықты адам деген мінсіз болу емес, қайтадан тұру. Ауырып қалып, еркелеп жүрмін”, – деп жазды әнші.
-
"Маған да бұйырды": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті
-
"Қолдауың шабыттандырады": Дәурен Айдарқұлов экс жұбайы Ақбота-Нұрға алғыс білдірді
Бұған дейін өнер иесі Меккеге барып, қажылығын өтеп келген еді.
“Бұл мекенде рухым тыныстап, жүрегім тынышталып, тіршілігімнің барлық күйбеңінен оңашаланып, тек Аллаға жақын болудың шексіз бақытын сезінемін. Әрбір демімде ішкі тыныштық пен жүрегімдегі жеңілдікке бөленіп жатырмын. Мекке – мен үшін тек қасиетті жер емес, өзімнің ішкі әлеміме саяхат жасайтын, жаным мен жүрегімнің терең тынығатын панасы”, – деп жазған еді эстрада жұлдызы.
Еске салайық, әнші өзіне құны 7 миллион теңге тұратын сағат сыйлаған еді.