"Ең кішісі 26 жаста": Ұлытау облысында үйінді астында қалған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды
17 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жомарт" кеніші опырылып түсті. Оқиға салдарынан шахтаның жеті жұмысшысы үйінділер астында қалып қойған. Кейінірек барлық шахтердің қазасы туралы ақпарат пайда болды. Ең кішісі 26 жаста. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қайтыс болған кеншілердің тізімі:
- Қайрат Аманбекұлы Ақшалов, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;
- Ардақ Боранбайұлы Жақұбаев, 1998 жылы туған, жер асты учаскесінің тау-кен шебері;
- Бақытбек Нышанұлы Жұмаділлаев, 1975 жылы туған, жер асты кен жұмысшысы;
- Орынбек Әмірханұлы Кенжебеков, 1991 жылы туған, тиеу-тасымалдау машинасының машинисі;
- Ғалымжан Есенбекұлы Молдабеков, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі;
- Олжас Жағалбайұлы Нұрұлдаев, 1979 жылы туған, жер асты учаскесінің энергетигі;
- Константин Владимирович Рожков, 1992 жылы туған, жер асты тау-кен қазу жабдықтарының электрослесарь-монтаждаушысы.
Құтқару жұмыстары барысында барлық жеті кеншінің денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілетіні хабарланды. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Ұлытау облысында қаза болған жеті кеншінің отбасыларына жалақыларының 10 еселенген мөлшері беріледі
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның Жомарт кеніндегі үйінді астынан жеті қызметкердің де денесі табылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан