Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең қымбаты 6,7 мың теңге": Қазақстан өңірлерінде палау дайындау үшін қанша ақша кетеді

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Елімізде Наурыз мерекесі тойланып жатқан тұста, бүкіл өңірде сүйікті саналатын тағам палаудың құны есептелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Data Hub Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Есептеу кезінде Ұлттық статистика бюросының облыс орталықтары мен ірі қалалардағы азық-түлік бағасының орташа көрсеткіштері негізге алынған. Оған қой еті (1,3 келі), күріш (1 келі), пияз, сәбіз және күнбағыс майы кірген.

Республика бойынша орташа көрсеткіш

Қазақстанда бір қазан палау дайындау орта есеппен 6,1 мың теңге тұрады. Оның басым бөлігін, шамамен 5,1 мың теңгені, қой еті (сүйексізін қоса) құрайды. Егер бұл соманы өткен жылдың үшінші тоқсанындағы орташа жалақымен салыстырсақ, бір айлыққа шамамен 71 рет палау дайындауға болады.


"Бауырсақ, шай мен палау": ҚМДБ жаназа мен құдайы астың мәзірін бекітті


"Күйеу балаға құрмет көрсетіліп, палауды еркектер жасайды": Қазақстанда тұратын өзбек ұлтының өкілі салт-дәстүрдегі ерекшеліктер туралы айтты


Өңірлік көрсеткіштер

Алматы:

Мұнда ингредиенттердің ең жоғары бағасы тіркелген, яғни 6,7 мың теңге. Соған қарамастан, табыс деңгейіне байланысты алматылықтардың орташа жалақысы 82 қазан палауға жетеді.

Астана:

Өнім бағасы Алматыға қарағанда сәл төмен – 6,5 мың теңге. Бірақ елордадағы орташа жалақы 87 қазан палау дайындауға мүмкіндік береді.

Орал:

Ел бойынша ең арзан өңір – шамамен 5 мың теңге. Дегенмен Батыс Қазақстан облысындағы орташа жалақы 73 рет қана палау дайындауға жетеді.

Атырау:

Қолжетімділік бойынша абсолютті көшбасшы. Өңірдегі жоғары жалақының арқасында бір орташа айлыққа 101 қазан палау дайындауға болады (орташа құны – 5,9 мың теңге).

Түркістан облысы:

Ең төмен көрсеткіш осы өңірде. Өнімдер 5,7 мың теңге тұрса да, орташа жалақы небәрі 51 рет палау жасауға жетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қыз-келіншектер сұлулығы үшін қолданатын коллагеннің бәрі бірдей шариғатқа сай емес болып шыққан еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 23 Наурыз, 2026 19:21