Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең қымбат сөмке – 11 миллион теңге": Мерей Абилова гардеробын көрсетті

мерей Фото: Видеодан скриншот

Танымал блогер Мерей Абилова үйі мен гардеробын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы Бейбіт Әлібековтың бағдарламасында қонақ болды. 

“Дүкен аралағанды жақсы көреміз. Жатын бөлмемізден гөрі гардеробымыздың кең болғанын қаладық. Оң жақ бұрышында менің заттарым тұрады. Сол жағында Димаштың заттары тұрады. Менің заттарымнан гөрі Димаштың киімі көп. Күйеуім әуелден бренд заттарға қызығады. Қазір өте көп бренд бұйымдары бар. 2022 жылы екеуміз қыз-жігіт болып жүріп бастағанда маған бренд сөмке сыйлаған. Бір аптадан кейін менің туған күнім болды. Сол кезде не алып берейін деді: “Мен Dior-дың сөмкесін” деп, фотосын жіберді. Сол кезде сыйлаған еді. Мен үшін өте қымбат әрі бағалы. Мариям қызымыз туғанда да сөмке алып берді”, – деді Мерей. 



YouTube көрермендері блогердің гардеробын қызу талқылап жатыр. 

“Гардеробының өзі менің бір бөлмем сияқты”, “Мерей өзінің тазалыққа жанықұмар екенін көрсетті”, “Hermes сөмкесі 11 миллион теңге тұрады”, “Қандай әдемі жарасымды жанұя болып отыр”, “Димаш сияқты жігіт бәрімізге жолықсын”, “Үйлерінің өзі сондай керемет дизайнмен жасалыпты”, – деп жатыр көпшілік. 

Еске салайық, Мерей Абилова жарнамаша үшін 5 миллион теңге алатынын жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 15:22
Талқылау