Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең қиыны – сатқын адамдардың арасында жұмыс істеу": Майра Мұхамедқызының тыңдармандары оған Шымкенттен кетуге кеңес берді

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы төсек тартып жатып қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі белі ауырып, бәрін тастап, Астанаға кетіп қалған көрінеді. 

“Жуырда спорт залдан хамамға кіріп орамалды еңкейіп алғаным сол-ақ еді белім тырс ете қалды. Содан бір апта орнымнан тұра алмай жатып қалдым. Салмаған укол, ішпеген дәрі, түспеген МРТ қалмады. Соңында бәрі кері әсер беріп ісініп ауырдым. Блмағасын Лена досымның ақылын тыңдап өзіме көңіл бөліп, бәрін тастап, Астанадағы үйіме келдім. Тибеттің шөп дәрісін іше бастадым. Аяғымнан тұрдым. Ісік бәрі қайтты. Көңіл күй жайлап орнына келе бастады. Осының бәрі күнделікті күйбің тірлік, қайнаған атыс-шабыс жұмыстан болды. Өмірде ең қиын әрі сорақы іс: сатқын адамдардың ортасында жұмыс істеу. Соғыс майданында жүргендеймін. Қай күні қай жерден граната басып кетер екем деп алаңдаған уайым да жоқ емес”, – деп жазды әнші. 



Ал, Майра Мұхамедқызының тыңдармандары мен желідегі оқырмандары оған Шымкент қаласынан көшуге кеңес беріп жатыр. 

"Сол Шымкенттен кетіңізші. Сіз жүретін жер емес. Майра, сізді ерекше құрметтеймін", "Шымкент — сырты күлкі, іші түлкі, көбі сондай зұлым, алдауға жақын, сондықтан олардың имиджи нашар!", "Қызық, сізді өңірге жіберу кімнің идеясы болды екен. Мүмкін сіздің Астанада жарқырап жүргеніңізді қаламайтындар бар шығар", "Бірдеңе болса Шымкентті жамандап шығады екенсіңдер, жақпаса, көшіңдер", "Қытай жағын мақтай береді”, “Шымкентте кім ұстап тұр сені”. Нанын жеп суын ішіп отырып осы сырттан келгендер ақ Шымкентке тіл тигізгендеріңді қоймайсыңдар. Ұнамайма жолың ашық", — деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Майра Мұхамедқызы қытай төрағасының алдында ән шырқаған еді. 

 

Талқылау