"Ең кедейінің" 500 миллион теңгеден аса қаржысы бар: Әлемдегі ең бай қалалар аталды
Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең бай қалалардың рейтингін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Henleyglobal сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: baamboozle.com
Әлемдегі ең бай қалалардың көшін Нью-Йорк (АҚШ) бастады. Онда 384 500 бай адам тұрады. Оның 66-сы миллиардер. Мұндағы 400 000-ға жуық адамның "ең кедейінің" кем дегенде 1 миллион доллары (505 миллион 760 мың теңге) бар.
Сан-Франциско Силикон алқабы арқасында екінші орынға табан тіреді. Бұл аймақта 342 000 бай, миллионер тұрады. Оның 82-сі миллиардер.
Әлемдегі ең бай 10 қала:
- Нью-Йорк (миллионерлер – 384 500, миллиардерлер – 66);
- Сан-Франциско (342 000, миллиардер – 82);
- Токио (миллионер – 292 300, миллиардер – 18);
- Сингапур (миллионер – 242 400, миллиардер – 30);
- Лос-Анджелес (миллионер – 220 600, миллиардер – 45);
- Лондон (миллионер – 178 000, миллиардер – 23);
- Париж (миллионер – 160 100, миллиардер – 22);
- Гонконг (миллионер – 154 900, миллиардер – 40);
- Сидней (миллионер – 152 900, миллиардер – 22);
- Чикаго (миллионер – 127 100, миллиардер – 25).
Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең таза және лас елдердің тізімі шыққан еді. Сауалнама тұрғындардың дәретханадан кейін қолын жумайтын-жуатынына байланысты есептелген.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды