Қазақстанда ең ұзақ жасайтын қарттар саны көп өңірлер аталды

Фото: pixabay.com
Қазақстанда 100 жастан асқан 448 адам бар. Ең қарт тұрғын – Ұлытау облысында тұратын 115 жастағы әже. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақжайық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда 100 жастан асқан 448 адам бар. Ең қарт тұрғын – Ұлытау облысында тұратын 115 жастағы әже. Еліміздегі жүз жастан асқан адамдардың ең көбі Алматы қаласында тұрады – мұнда жасы 100-ден асқан 58 адам бар.
Ұзақ жасаушылар саны бойынша екінші орында – Түркістан облысы. Бұл өңірде 100-ден асқан 53 адам тұрады. Ал үшінші орында – Алматы облысы, онда 37 қарт бар.
Ең ұзақ жасаған үш адамның қатарына:
- Ұлытау облысының тұрғыны – 115 жаста,
- Павлодар облысының тұрғыны – 113 жаста,
- Жамбыл облысының тұрғыны – 110 жаста.
Айта кетейік, жыл сайын 1 қазан күні бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген