Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Емтиханда көшірген қытай талапкерлері түрмеге отырғызылады

Университетке түсуге талпынған қытайлық студенттер көшіріп жазғаны үшін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

39017

Сурет ribalych.ru

Елдегі жаңа қылмыстық кодекске сай мемлекеттік емтихан кезінде көшіріп жазған талапкерлер 7 жыл мерзімге дейін түрмеге отырғызылуы мүмкін. Сонымен қатар, олар үш жыл бойы кез-келген қытайлық жоғарғы оқу орнына құжат тапсыра алмайды. Осы арқылы білім министрлігі емтихандарды таза әрі әділ өткізіп, көшіру мүмкіндігін шектейміз деп отыр. Соңғы кездері мобильдік құрылғы арқылы жауап көшіру талапкерлер арасында кең тарап кеткен еді.

Қытай жоғарғы оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік емтихандар 7 маусымда басталып кетті. Биылғы жылы 9,4 миллион адам құжат тапсырған. Емтихандар бірнеше күнге созылады. Емтихандарда қытай тілі, математика және шет тілі (ағылшын, жапон, орыс, француз) міндетті пәндер болып саналады.

Талқылау