Емтиханнан өте алмай қалған студент оқу орнында адамдарды пышақтап тастаған
Қытайда емтиханнан өте алмай қалған жас жігіт оқу орнында адамдарды пышақтап тастады. Бүл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скрин
Кәсіптік-техникалық колледжінің студенті алдынан кезіккен адамдарды пышақтап, соның салдарынан сегіз адам көз жұмған. Тағы 17 адамның жарақат алғаны белгілі болды.
Сұмдық жағдай Цзянсу провинциясында болған. 21 жастағы студент соңғы сабақ кезінде студенттерге пышақпен шабуыл жасаған.
Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында ұстаздар да болуы мүмкін. Қытайдың қауіпсіздік бюросы қаза тапқандардың жеке басын әзірге жариялаған жоқ.
Қолын қанға бояған жігіт мұндай қадамға кек алу мақсатында баруы мүмкін. Өйткені биыл колледжді бітіруі тиіс түлек емтиханнан да, тағлымдамадан да өтпей қалған екен. Күдікті қылмыс орнында ұсталып, тергеу амалдары басталып кетті.
Еске салсақ, осыған дейін Екатеринбургте аурухана өртеніп, адамдар терезеден секіргені туралы жазған едік.