"Емтихан тапсыру үшін жақын облыстарға жібереміз": Шымкенттіктер жүргізуші куәлігін алу үшін айлап кезек күтуге мәжбүр
Шымкенттіктер рөлге отыру үшін тапсыру керек емтихан мен жүргізуші куәлігін алатын күнді айлап күтіп жүр. Шаһар тұрғындары кезек күтіп шаршағандарын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Жергілікті автомектеп иелерінің айтуынша, автоцонда компьютерлердің аздығынан курс оқып шыққандар жүргізуші куәлігін алу үшін айлап күтуге мәжбүр.
Электронды кезекке тұрғандар өз кезегін ұзақ күтеді. Жергілікті тұрғындар ұзын-сонар кезек аяқталған соң да, емтиханға кіру оңай емесін айтады.
“Шілдеде келіп, кезекке тұрдым. Тамызда келсін деді. Келіп, құжаттарға суретке түсуге талон алдым. Нәтижесінде алдымда ешқандай кезек болмаса да, олар мені қабылдамады. Таңғы 9-дан күттім, түскі 2 шамасында алдымда ешкім болмаса, неге өте алмаймын деп алаңдай бастадым. Олар күту керегін айтты. Сөйтіп сағат 5-те олар жабылды. Ал мен қыркүйектің аяғына қарай тағы кезекке тұрдым”, – дейді тұғындардың бірі Мирас Әшенов.
Автомектеп өкілдерінің айтуынша, адамдар арнайы ХҚКО-да компьютер аз болғанынан емтихан тапсыра алмай жүр.
“Шымкенттегі курсанттар емтихан тапсыратын арнайы ЦОН-да небәрі 9 компьютер. Ал автоцонда екеу-ақ. Әр курсантқа емтихан тапсыруға 40 минут уақыт беріледі”, – дейді автомектеп өкілдері.
Автомектеп директорының сөзінше, емтихан тапсырып, куәлік алғысы келетіндер бір немесе екі ай күтуге мәжбүр.
“Амалсыздан емтихан тапсырғалы келген адамдарды жақын маңда орналасқан Жамбыл, Түркістан, Сарағаш облыстарына жібереміз”, – дейді автомектеп директоры Батыр Беридев.
Шымкент тұрғындары кезек күтпей емтихан тапсыру үшін компьютер санын көбейтуді сұрайды. Үкіметтің мәліметінше, үш арнайы қызмет көрсету орталығы теориялық емтихан тапсыру үшін күніне 128 жүргізушіні қабылдайды. Олар тағы бірнеше компьютер қосуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Шымкент қаласындағы "Арғымақ" арнайы ХҚКО-да емтихан тапсыру үшін тағы екі компьютер қосылып жатыр. Бұл орын брондау санын 32 бірлікке дейін арттырады.
3 қыркүйектен бастап қалалық арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары тәулігіне теориялық емтихан тапсыруға келген 160 адамды қабылдайды.