Эмоция сыйлайтын жағымды түстер ұйқы сапасын жақсартады – Ғалымдар

Ғалымдар адамдар ұзақ ұйықтағанымен неге шаршап оянатынының себебін түсіндірді. Зерттеуге сай, адамның көрген түстерінің жақсы немесе жаман болуы ұйқы сапасына әсер етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі PLOS Biology журналыны сілтеме жасап хабарлайды.
IMT School for Advanced Studies Lucca ғалымдары зерттеу жүргізді. Экспериментке 44 ерікті қатысқан. Ғалымдар қатысушылардың ми толқындарын (ЭЭГ) бақылап, ұйықтап жатқан кезінде оятып, түсін және қаншалықты демалғанын сұраған.
Зерттеу авторлары атап өткендей: мидағы баяу толқындар ұйқының тереңдігімен байланысты. Алайда адам түс көргенде бұл сезім күшейеді. Әсіресе жарқын және эмоционалды түстерден кейін қатысушылар өзін жақсы демалғандай сезінген. Ғалымдар зерттеуінде қарапайым немесе абстрактілі түстер (яғни эмоциясы аз, нақты сюжеті жоқ түс) көрген қатысушылар ұйқыны терең сезінбеген.
-
Күйзеліс қатерлі ісік ауруын тудырады: Ғалымдар кең тараған пікірді жоққа шығарды
-
Мамандар жуынатын судың температурасы қанша болу керегін айтты
Сондықтан ғалымдар түстерді белсенді түрде көру немесе түстің мазмұны түнгі демалыстың сапасына әсер ететінін айтты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?